Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаумин жалған вакцинация мәртебесі туралы хабарлауға шақырды

Денсаумин жалған вакцинация мәртебесі туралы хабарлауға шақырды

Денсаулық сақтау министрлігі кейбір медицина ұйымдары қазақстандықтарға жалған вакцинация мәртебесін жазып беретіні жайлы шағымдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстанда азаматтардың атына тіркелген жалған вакцинация мәртебесіне қатысты шағымдар жиілеп кетті. Мысалы, Алматы тұрғынына Қызылордада вакцинациядан өткені туралы СМС-хабарлама келген, ол вакцина салдырмағанына қарамастан, вакцинация паспортын алуға рұқсат берілген. Неге бұлай болғанын түсіндіре аласыз ба" - деп сұрады тілші.
Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев осындай деректер бар екенін растады. Денсаулық сақтаудың электрон жүйесін дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаевтан оның себебін түсіндіруді өтінді.
"Иә, расында мұндай деректер бар. Бұның әртүрлі себебі бар. Көп жағдайда медицина қызметкерінің науқас туралы ақпаратты енгізу кезіндегі қарапайым қате жіберуінен болады. Кейде тіпті әдейі жасалады. Осындай жағдайға тап болған азаматтар Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады. Біз шағым түскен медициналық ұйымды тексереміз. Ақпарат расталса Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры экономикалық шаралар қолданады. Яғни, қате жіберген медициналық ұйымға айыппұл салынады", - деп түсіндірді Есенбаев.
18 ақпан 2022 ж. 389 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 212

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930