Қай өңірдің әйелдері бизнес ашуға бейім?
Бұл туралы «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго "Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсеру" дөңгелек үстелі барысында айтты.
Ауыл әйелдерінің бизнес ашуының мәні тек кірісті көбейту ғана емес, ең алдымен ешкімге кіріптар болмай өз арманына қол жеткізіп, жүзеге асыру. Әйелдер негізінен сауда, сұлулық индустриясы, қоғамдық тамақтану және қонақ үй бизнесі сияқты салаларға басымырақ көңіл бөліп отыр, әрине бұл жекелеген өңірлердің туристік әлеуетін дамытуға қызмет етуі мүмкін. Дегенмен ауылдағы әйел кәсіпкерлердің фермерлік қызметпен айналысуы төртінші орында тұр, бұл осы бағыттың әлеуетінің тиісті дәрежеде бағаланбағанын көрсетеді,- деді Ожго.
Ол атағандай, бизнес ашуда сәтсіздіктерден қай өңірдің әйелдері қорқатынын айтты.
Бизнестегі сәтсіздіктерден қорқу Қазақстан бойынша орта есеппен ауыл әйелдерінің 56%-ын құрайды, ол Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жиі кездеседі (66-81%). Негізгі қорқыныш қаржыландыруды іздеумен және ақшаны жоғалтудан қорқумен байланысты. Үшінші орында психологиялық факторлар, атап айтқанда есеп беру мен тексерудің қиындықтарынан қорқу. Алайда бұл кедергілер «Белестері» жобасының білім беру бағдарламаларында ұсынылатын психологиялық кедергілерді жеңу және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша практикалық сабақтардың көмегімен шешіледі, бұл осы бағдарламаларға деген жоғары сұраныстың бар екендігін дәлелдеп тұр,-деді ол.
Елена Ожго сауалнама бойынша өңірлердегі жағдайды атап өтті.
Сауалнама аясында Алматы, Түркістан және Ақмола облыстарындағы әйелдер арасындағы себеп-салдар, қауіптерге және қолдау түрлеріне терең талдау жүргізілді. Бұл өңірлердің тұрғындарының негізгі проблемалары жұмыссыздық, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жолдардың, көлік пен байланыстың жай-күйі немесе болмауы. Сондай – ақ Түркістан және Алматы облыстары үшін үй - жайларды жалға алу немесе сатып алу құнының жоғары болуы, ал Ақмола облысы үшін су және электр желілеріне қосылу қиындығының болуы аса өзекті. Әлеуметтік проблемалардың ішінде Алматы облысында балабақшалардың тапшылығы, Ақмола облысында – медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, Түркістан облысында – отбасылық жанжалдар бар,-деді ол.
Ожго қай өңірдің әйелдері бизнес ашуда белсенді екенін атап өтті.
Түркістан облысында әйелдер арасында бизнеспен айналысуға деген ниет айтарлықтай жоғары болса, ал 36% - ы неден бастау керектігін білмейді. 43% - дан астам Алматылық та осы сияқты, бірақ бұл ретте респонденттердің өтініш беру деңгейі айтарлықтай төмен. Ақмола облысында ауыл тұрғындары «озық» және іс жүргізу, салық салу және өнімді өткізу мүмкіндіктері туралы өз білімдерінің жетіспеушілігінен кедергілерге тап болатынын айтады,-деді ол.
#бизнес #әйелдер #Өңір