Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның үздік ЖОО оқытушылары анықталды

Қазақстанның үздік ЖОО оқытушылары анықталды

Алматыда 2021 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия өз ісінің үздіктерін таңдады. Қазақстандық 45 ЖОО-ның 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алды, бұл шамамен 6 млн теңге. Үздік педагогтерге марапаттарды Асхат Аймағамбетов табыстады. «Мен барлық жеңімпаздарды құттықтаймын! Бұл – үлкен мәртебе, маңызды атақ. Ұстаздардың қоғамда алтын орны ерекше. «Адамның адамшылдығы - жақсы ұстаздан»,- деп ұлы Абай айтқандай, әділетті қоғам, мықты мемлекет болу үшін және Жаңа Қазақстанды құруда ұстаздардың орны бөлек. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауының арқасында Білім және ғылым саласында үлкен оң өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде әсіресе, педагогтардың статусын көтеру бойынша кешенді шаралар іске асырылып жатыр»,- деді Асхат Аймағамбетов.
02 ақпан 2022 ж. 511 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 124

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031