Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус өкпеге ену қасиетінен айырылды

Коронавирус өкпеге ену қасиетінен айырылды

Бірнеше рет мутацияға ұшыраған коронавирус өкпеге ену қасиетінен айырылды. Ол енді жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдай алады. Бұл туралы Роспотребнадзор басшысы Анна Попова мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
Қазір адамдар арасында кеңінен тарап жатқан "омикрон" штаммын ағза жеңіл өткереді. Себебі ол жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдайды.
Айтуынша, әртүрлі ел ғалымдары вирустың үнемі өзгеріске ұшырайтынын бірауыздан растайды.
"Вирус адам ағзасына бейімделудің ең тиімді жолын іздейді. Сол форманы, аминқышқылды құрамды іздеу барысында вирус өзінің бір рецепторын жоғалтып алды. Ол вирустың өкпе тініне кіруіне мүмкіндік беретін еді", – деді Попова.
Ғалымдар коронавирусқа қарсы "супериммунитет" қалыптастырудың жолын айтты
Иммунолог: Омикрон тамақ жеп отырған сәтте жұғуы мүмкін
Попованың айтуынша, омикрон вирустың бұрын таралған ауыр түрлерін қоздырмайды. Ол тыныс алу жолдарына өтіп, трахеитке, ал балаларды бронхитке шалдықтырады.
Роспотребнадзор басшысының айтуынша, аурудан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін екені белгісіз. Себебі жаңа штаммның пайда болғанына көп болған жоқ. Сондықтан да ол барынша сақтанып жүруге кеңес берді.

02 ақпан 2022 ж. 257 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 124

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031