Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ мақұлдаған вакциналар кімдерге салынады – жаңа қаулы

ДДСҰ мақұлдаған вакциналар кімдерге салынады – жаңа қаулы

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы шықты. Аталған құжатқа сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды салдыра алатын ел азаматтарының санаты нақтыланды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен құжатқа сәйкес, жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағында КВИ-дің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препараттармен коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан:

1) Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық деңгейде білдіру мақсатында шетелге шығатын адамдарға;

2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге және үкіметаралық келісімдер/шарттар, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;

3) шетелдік оқу орындарына өз бетінше түскен және үкіметаралық келісімдер немесе академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын студенттерге және Work and travel бағдарламасы бойынша баруды жоспарлаған студенттерге және олардың отбасы мүшелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған тізім бойынша растайтын құжаттарды (студенттік виза, оқу орнынан шақыру) ұсынған кезде;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде емдеу қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде шетелде емдеуге жіберілетін пациенттерге, сондай-ақ оларды емдеу үшін алып жүретін адамдарға жүргізуге жол беріледі.
25 қаңтар 2022 ж. 816 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930