Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептердің бәрінде оқу жылы штаттық режимде басталатын болды

Мектептердің бәрінде оқу жылы штаттық режимде басталатын болды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Білім және ғылым министрлігі, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына міндет қойылды.

Олар 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай талапты сақтауды қамтамасыз етуге тиіс:

санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;
педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
ұйымға кіру кезінде "Ashyq" қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
маска режимін сақтау;
рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті "кіру" сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту.
Жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер вакцинацияны оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдарда салдырады.

Шетелдік студенттер тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын ұсынады. Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болса, күндізгі оқу форматына жіберіледі.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз
26 тамыз 2021 ж. 364 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930