Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Діни мерекелер күнтізбесі – 2022

Діни мерекелер күнтізбесі – 2022

2022 жылы барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Ораза айт және Құрбан айт мерекелері қай күндері тойланады? Қадір түні қай күнге түсіп тұр? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан таба аласыз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2022 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Миғраж түні 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түнге, Бараат түні 17 наурыздан 18 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ораза 3 сәуірде басталады. Қадір түні 28 сәуірден 29-ына қараған түні болады.
Ораза айт 2 мамырда басталады. Арапа – 8 шілде, Құрбан айт 9-11 шілде аралығына түсіп тұр. Ашура күні 8 тамызға тура келеді, Мәуліт (Мұхаммед пайғамбардың туған күні) 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні болады.
Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалды. Алайда діни мереке күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.
18 желтоқсан 2021 ж. 3 278 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031