«Пандемияның соғыстан несі кем?»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында әлемдік пандемияның жаһандық экономика мен адам өміріне тигізген әсері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды egemen.kz
«Міне, екі жылдан бері дүние жүзі алаң күй кешуде. Коронавирус дертінен туындаған пандемия әлемдік экономиканы ғана емес, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, ғылым мен технология дамуын, жалпы адамның ойлау жүйесін айтарлықтай өзгертті. Ең алдымен, адамзатқа ортақ індет даму деңгейіне қарамастан ел мен елдің экономикасы мен технологиясын жақындастырып, бір-бірімен ынтымақтастыра бастады. Соның негізінде жаңа жаһандық экономикалық парадигма қалыптасты», деп жазады Елбасы.
Ол, сондай-ақ, Нобель сыйлығының ғылым саласындағы лауреаттары жақында «Біздің ғаламшар, біздің болашағымыз» саммитінің қорытындысын шығарып, әлем мемлекеттеріне үндеу жасағаны жөнінде сөз қозғады.
«Олар: «Егер осы бесжылдықта трансформациялық шаралар қабылданбаса, адамзаттың болашағына ауыр қатер төнетін болады... Қоғамның ең кедей және маргиналданған топтары мейлінше әлсіз жіктер күйінде қала береді», деді. Бұл менің осыдан тура 30 жылдай бұрын, 1992 жылдың 5 қазанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен айтқан ұсыныстарыммен астасып жатыр. Біз сол кезеңнің өзінде әлемнің ең бай мемлекеттерінің әскери-соғыс мақсатына қарастыратын шығындарының 1%-ын бөлу арқылы адамзатқа айтып келмейтін, төтенше апаттарға қарсы күресудің халықаралық қорын жасауды ұсынған едік. Әңгіме ол кезде БҰҰ-ның бітімгершілік күштері туралы болған еді, бірақ, біріншіден, маңыздысы идея және ұжымдық әрекеттестіктің тетігі болатын, екіншіден, түрлі елде тәулік сайын жүздеген, мыңдаған адамды баудай түсіріп жатқан пандемияның соғыстан несі кем? Егер дәл сол кезде мен ұсынғандай қор жасалған болса, қазіргі пандемия жағдайында кедей мемлекеттерге коронавируспен күресуге және оның зиянды зардаптарын жоюға бағытталған шараларды ұйымдастыруға мол мүмкіндік туған болар еді», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.