2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлына арналады
Дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы – сапалы білім мен саналы тәрбие. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
«Өткен жылдары Әл-Фараби мен Абай жылы аталып өтсе, биыл Жамбыл жылы тойлануда, келесі жылды Ахмет Байтұрсынұлына арнау көзделіп отыр. Яғни, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүріп жатыр», – деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Оның атап өтуінше, бүгінде «кітап – мұнайдан да қымбат қазына».
Сондықтан кітап оқитын ұлтты қалыптастыру бағытында отандық шығармаларды шығару көлемін арттыру көзделген.
Сондықтан кітап оқитын ұлтты қалыптастыру бағытында отандық шығармаларды шығару көлемін арттыру көзделген.
«Біздің мақсат – азаттықты ардақтап, Отанымызды одан әрі нығайтып, келер буынға табыстау. Өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Сапалы білім мен саналы тәрбие – ұлтымыздың ұлы, ұрпағымыздың ұлағатты болуының кепілі. Әлем жылдам өзгеріп жатқан уақытта дамыған мемлекеттер көшінен қалмаудың бірден бір жолы – осы. Жамбылдан жеткен өнегелі өсиеттің де табан тірер тұғыры, тамыр тартар тереңі – осы айнымас құндылықтарда. Сондықтан Жамбыл мұрасын жаңғыртып, жан-жақты насихаттау ісі күн тәртібінен түспейді»,- деді Дәурен Абаев.