Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда педагогтарды даярлайтын ЖОО саны қысқарды

Қазақстанда педагогтарды даярлайтын ЖОО саны қысқарды

Қазақстанда педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны азайды, деп хабарлайды egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
«Педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды. Педагогикалық бағыттар бойынша лицензияларға 138 қосымша қайтарылды», деп жазады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлікке қарасты Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова атап өткендей, болашақта балалармен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілік мәселесі үлкен маңызға ие.
«Мектептердегі оқушыларды өз ісін жақсы көретін мамандар оқытуы керек. Бізде болашақ мұғалімдерді сапалы даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары бар. Дегенмен, кейбір университеттердегі тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді және барлық университеттер талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді. Министрлік білім беру қызметтерінің сапасы талаптарға сәйкес келуі үшін уақыт береді. Егер ЖОО сапаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізбесе, біз қатаң шаралар қабылдаймыз, атап айтқанда лицензиядан айырамыз. Мысалы, қазір бізде педагогтарды даярлайтын жоғары оқу орындары аз. Бірақ оларды бәсекеге қабілетті университеттер дайындайды. Уақыт өте келе бұл оң нәтиже береді», деп түсіндірді ол.


08 қараша 2021 ж. 358 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031