Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалған

Бір апта ішінде елімізде 3 125 қылмыс жасалған

Тұрғымбаев Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччимен кездескен. Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 125 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті деп хабарлады Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бір апта ішінде 3 125 қылмыс жасалды. Оның 2 102-сі тәулік ішінде ашылды, - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен дәстүрлі брифинг барысында. Ресми өкілдің дерегінше, полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 6 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 453 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Маттео Мекаччимен кездескенін, кездесу Маттео Мекаччидің Нұр-Сұлтан қаласына арнайы сапары аясында өткенін атап өтті. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының адам құқықтарын қамтамасыз ету, құқыққорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтіп, осы саладағы халықаралық стандарттарды сақтау, жазаның орындалуын ізгілендіру және азаматтық бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар туралы айтты, - деді ол.
25 қазан 2021 ж. 417 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031