Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАӘ әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі

БАӘ әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта БАӘ әуежайларында 38 иісшіл ит жұмыс істейді, олар инфекция жұқтырғандарды 98 пайыз анықтай алады.
Дубай полициясы COVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардан алынған тер тамшыларын қолдана отырып, науқастарды иісі арқылы тануды неміс овчаркасы, лабрадор, кокер-спаниель және бордер-колли сияқты тұқымды иттерге үйреткен.
Ғалымдардың айтуынша, бұл әдістің дәлдігі 98 пайыздан асады. Дубайда жүргізілген зерттеуде иттердің анықтау қабілетін салыстыру үшін 3 290 адамның тер үлгілері мен ПТР-сынамасы қолданылған. Жаттығу бөлмесінде он ПТР-сынама нәтижесі қойылған. Иттер оларды иіскеп, тапқанын білдіру үшін жанына отырады.
Дубай полициясының лейтенанты Насер әл-Фаласи иттер қазір күн сайын шамамен 30-40 тексеру жүргізетінін мәлімдеді. Ол иттерді тек әуежайларда ғана емес, қажет жерде қолдануға болатынын айтты.

20 қыркүйек 2021 ж. 207 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031