Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде жем-шөптің қымбаттауының басты себебі аталды

Елде жем-шөптің қымбаттауының басты себебі аталды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша сөз алып жүрген жеке сарапшылар мен талдаушылардың айтқаны мал азығы бағасының өсуіне себеп болды деп есептейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Барлығыңыз көріп отырғандарыңыздай, қазіргі кезде жеке "сарапшылар" мен "талдаушылар" қысылтаяң жағдайды пайдаланып, рейтинг, бедел жинау үшін ақпараттық соғыс жүргізуде. Тұрақты объективті ақпарат болмаған жағдайда, жұрт мұндай сөзге еріп кетеді. Ал мұндай дүрмектен зардап шегетін тағы да фермерлер, осындай қара пиар-акциялардың кесірінен онсыз да қымбат жем-шөп әр уақытта қымбаттай түседі. 3 миллион бас қырылады деген дақпырттан соң шөп пен кебектің бағасы тағы қымбаттап шыға келді, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.
Оның айтуынша, бұл мәселеде аймақ басшылары жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына мүмкіндігінше ашық болуы керек, сондай -ақ жем-шөпті сатып алу жұмыстары туралы және бар проблемаларды шешу үшін қабылданған шаралар туралы уақытылы мәліметтерді жария етіп отыруы тиіс.

Қарашөкеев бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықты жергілікті жедел штаб отырыстарына шақыруды да ұсынды. Осылайша жеке тұлғалар өрбітіп жүрген малдың қырылуы, жұт және ашаршылық туралы негізсіз ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сауатты түрде жоққа шығаруға болады.

Ол барлық бұйрықтардың орындалуын жеке бақылауға алатынын айтты.

Бұған дейін Ербол Қарашөкеев көпті құрғақшылық пен мал азығының жетіспеушілігінен малдың жаппай қырылуы орын алған Маңғыстау облысының фермерлеріне көмектесуге шақырды. Министрлік қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын мұқтаж фермерлерге көмек ретінде аударатын болды.
10 тамыз 2021 ж. 661 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 119

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 121

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031