Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас түлек жеткен жетістік

Жас түлек жеткен жетістік

Кешегі мектеп қабырғасында тұлымшағы желбіреп жүрген жеткіншектің қаланың студенті атанып, ересек өмірге қадам басатын кезі қыр астында тұр. Ал «ол грант жеңімпазы бола ма, әлде ақылы оқуға тапсырады ма?» деген сауал санаулы күн ғана бұрын шешілді.
2020-2021 оқу жылында Қазалы ауданында 697 түлек орта білім беру ұйымын тәмамдаған. Оның ішінде 618 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген. Соңғы мәліметтерге сәйкес түлектердің 407-сі грант иегері атанған.
Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға гранттар алынған. Аудан бойынша мемлекеттік грант иеленген 407 түлектің басым бөлігі педагогикалық және техникалық мамандықтарды таңдаған.
Атап айтқанда, 157 талапкер педагогикалық, 49 талапкер медициналық бағытқа, 68 түлек техникалық және 24 түлек ауылшаруашылығы мамандықтарына оқуға түсті. Сонымен қатар 109 түлек басқа да бағыттағы мамандықтарға тапсырған.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегерлерінің 24-і, яғни 32 проценті педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданып отыр.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
17 тамыз 2021 ж. 864 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930