Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Лақалы ауылдық клубында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп, қазақ шаңырағында келіндер орнының ерекшелігі мен отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру мақсатында «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» атты сайыс өткізілді.
Бес көшенің атынан сынға түскен келіндер белгіленген шарттарға сай өнерлерін көрсетті. Олардың көңіл-күй жағдаяттарына байланысты қойған сұрақтарға тапқырлықпен жауап беруіне, үй тапсырмасы бойынша өз қолдарымен дайындап əкелген қолөнер бұйымдары мен тағамдарының жасалу жолдарын түсіндіруіне, көрермендер риза болды. Келіндердің жүлде қоржынына, қосымша ұпай қосу шарты бойынша əр көшенің тұрғындары өнер көрсетті.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Мақаш суат көшесінен Жамбылова Гүлнəз Нағашыбай келіні жеңіп алды. Бірінші орынға Туысқандар көшесінен Елемес Қырмызы Құлпыбай келіні ие болса, екінші орын Ардагерлер көшесінен Əбдікерова Ақмарал Съез келініне берілді. Серікбай суат көшесінен Смағұлова Жазира Жанұзақ келіні, Ардагерлер көшесінен Жаңбырбаева Фариза Бақыт келіні, Мəуелі бəйтерек көшесінен Əлмұратова Манат Шəріп келіні үшінші орынға шықты.
Келіндеріне көмек көрсетіп, көрініс көрсеткен «Ынтымақты көше» номинациясы Ардагерлер көшесіне тапсырылды. Сайысқа қатысушылардың барлығына ұйымдастырушылар тарапынан «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айнұр МЕЙРАМБАЙҚЫЗЫ,
Лақалы ауылы.
17 наурыз 2018 ж. 3 405 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 269

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 68

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 69

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031