Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Безеудің көбеюіне әсер ететін 3 тағам түрі анықталды

Безеудің көбеюіне әсер ететін 3 тағам түрі анықталды

Қандай тағамдар бетіңізге безеу шығуына әсер етуі мүмкін және қандай тағамдар, керісінше, олармен күресуге көмектеседі? Бұл сұраққа британиялық диетолог Харриет Смит жауап берді деп хабарлайды Daily Express басылымы.
Харриет Смиттің айтуынша, терідегі безеуден арылу үшін дұрыс тамақтану керек. Маманның пікірінше, бетке безеу шықпас үшін ірімшік, шоколад пен печенье сынды тағамдарды жеуден бас тарту керек. Дәл осы үш өнім терінің күйіне кері әсер етеді дейді маман. "Егер сіз сүт өнімдерін тұтынбаймын деп шешсеңіз, жақсы жоспарланған диета сіздің ағзаңызды барлық қажетті қоректік затпен қамтамасыз ете алады. Бірақ сүт өнімдерінен біржола бас тартпаңыз - осылайша В12 витаминінің, йодтың және басқа да маңызды микро және макроэлементтердің жетіспеушілігіне тап болуыңыз мүмкін. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР "Ішек жолдарындағы проблемаларды өршітуі мүмкін": Қауынды кімдерге жеуге болмайды Тәттілерге келер болсақ, кез келген қант безеудің шығуына себеп болуы мүмкін. Шоколад пен печеньеден бөлек, өзге де тәтті тағамдарды қолдануды барынша азайту қажет: торт, кондитерлік өнімдер, эклер", - дейді диетолог. Харриет Смит, сонымен қатар, ағзада А дәруменінің (жұмыртқа, бауыр, майлы балық, сары, қызыл және жасыл көкөністерде кездеседі) жеткілікті екеніне көз жеткізу керектігін атап өтті. Ол терідегі ұсақ тесіктердің бітелуін болдырмайды. Ал С дәрумені теріні ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектеседі дейді маман. "Егер сіздің теріңіз майлы, безеу мен қара нүктелерге толы болса, онда сіз дұрыс тамақтануға көшпей, бұл мәселені шеше алмайсыз", - дейді дерматовенеролог Светлана Крюкова. Ол өзінің Instagram парақшасында тері проблемалары бар науқастар қандай өнімдерді көп тұтынбауы керектігін жазды.
04 тамыз 2021 ж. 782 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 241

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 132

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031