Шілдедегі мерекелік күнтізбе

Үкімет қаулысына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтіндері 4, 5 және 6 шілде күндері демалса, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 4 және 6 шілде күндері демалады.
Биыл Құрбан айт 20 шілдеге түсіп тұр. Бұл күні де қазақстандықтар демалатын болады. 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. 1998 жылдың осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола Астана деп атала бастады.
2019 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Бұрын Астана күні 10 маусымда қалалық деңгейде аталып өтетін.
2006 жылы мереке 6 шілдеге ауыстырылды. Ресми ақпарат бойынша, дәл осы күні 1994 жылы астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданды. 6 шілде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. 2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат