Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 64 мектептің құрылысы басталатын болды

Елімізде 64 мектептің құрылысы басталатын болды

Жобалар шеңберінде 19 мың жұмыс орны, оның ішінде 7,5 мың тұрақты жұмыс орындары құрылмақ. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 64 мектеп пен 13 денсаулық сақтау нысаны салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, биыл Жол картасының бірінші бағыты бойынша халықтың тұрмысын жақсартуға арналған 136 жоба іске асырылады. Жобалар шеңберінде 19 мың жұмыс орны, оның ішінде 7,5 мың тұрақты жұмыс орындары құрылмақ.
«Сондай-ақ, 64 жаңа мектептің, 13 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, суару кешенін және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жобаларды іріктеу кезінде тұрақты жұмыс орындарын құруға және 3 ауысымды және апатты мектептерді азайтуға, денсаулық сақтау нысандарына, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға басты назар аударылды», - деді ведомство басшысы.
Серік Шәпкенов өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген шарттармен 6 пайызға дейінгі мөлшерлемемен микрокредит беру жалғасатынын да еске салды.
25 мамыр 2021 ж. 645 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 51

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 53

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 57

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728