Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әр оқушыға 100 мың теңгеден

Әр оқушыға 100 мың теңгеден

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова биыл оқушылар арасында республикалық спорттық жарыстар өткізуге 226 млн теңге бөлінгенін хабарлады.

Оқушылардың спортпен айналысуына қаражат бөлу жағына келетін болсақ, республика көлемі бойынша 58 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде көзделетін қаражаттың барлығы бюджетте қарастырылған. Биылғы жылға 226 миилион теңге бөлініп отыр. Шамамен бір оқушының спорттық жарысқа қатысуы 100 мың теңгені құрайды. Ал өңірлердегі оқушылардың спорттық жарыстарға баруға қаржысы болмай жататынын естіп қаламыз. Бірақ оған біздің қаржы бөлетін құқығымыз жоқ. Мұндай мәселемен жергілікті әкімдік айналысуы керек, - дейді вице-министр Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Ол бұл мәселені облыс әкімдерінің орынбасарларына вице-премьер Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен жиналыста айттық деп отыр.

Министрлікке қатысты спорт федерацияларымен жұмыс істемейді дегендей сын айтылып қалды. Жалпы елімізде 150 спорттық федерация бар екен. Білім және ғылым министрлігі олардың 60-ымен байланыс орнатқан. Бірақ неліктен Мектеп спорты федерациясының бас директоры Зейнолла Ақан мырза қарым-қатынас жоқ дегенін түсінбедім. Сіздің тараптан ұсыныс болса, біз қарастыруға дайынбыз, - деді Шолпан Қаринова.

18 мамыр 2021 ж. 390 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930