Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде әрбір үшінші үйдің дәретханасы сыртта орналасқан

Елімізде әрбір үшінші үйдің дәретханасы сыртта орналасқан

Түркістан (86,7%), Қызылорда (74,7%) және Атырау (64%) облыстарында дәретхананың басым бөлігі үйдің сыртында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
5 өңірдегі үйлердің жартысынан астамының дәретханасы сыртта орналасқан. Тұрғындар дәретханаға шұңқыр қазуға мәжбүр. 2020 жылы еліміздегі үй шаруашылықтары арасында сауалнама жүргізілген. Сұрақ қойылғандардың 58,8%-ы жуыну үшін ваннаны, 15,4%-ы душты (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 17,2%), тағы 32%-ы моншаны (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 25,8%) пайдаланатынын айтқан. Сауалнама барысында үйлерде дәретханаға байланысты мәселе бары анықталған. Мысалы, сұраққа жауап бергендердің 53,6%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылған дәретхананы (өткен жылғы көрсеткіш –53,8%), 18,3%-ы жеке кәріз жүйесі (септик) бар дәретхананы, ал 34,1%-ы үйдің сыртындағы дәретхананы пайдаланады. Нұр-Сұлтан қаласы (94,9%) және Маңғыстау (97,7%) және Қарағанды облысындағы (90,1%) үйлер ваннаны жиі пайдаланатыны анықталған. Алматы қаласы (35%), Ақтөбе (26,3%) және Түркістан (29%) облыстарындағы үйлердің тұрғындары душты пайдалатынын айтқан. Монша немесе саунаны көбінесе ваннасы жоқ үйлер пайдаланған: Алматы облысы – 75,4% (респонденттер) (ванна – 22,1%), Түркістан облысы – 67,9% (ванна – 14%), Жамбыл облысы – 65,7% (ванна – 31,6%). Нұр-Сұлтан (97,9%) және Алматы қалалары (81,6%), сондай-ақ Қарағанды облысының (81,4%) үйлеріндегі дәретхана орталық кәріз жүйесіне қосылған. Сонымен қатар Шымкент қаласындағы үйлердің дәретханасы 72,3%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылғаны анықталған. Түркістан облысында дәретханаларды орталық кәріз жүйесіне қосу бойынша проблема бар: үйлердің тек 8,8%-ы орталық кәріз жүйесіне қосылған. Сондай-ақ аутсайдер үштігіне Алматы (18,2%) және Қызылорда (19,7%) облыстары да енді. Алматы облысында үйлердің 31,7%-ы, ал Қызылорда облысында – 28,2%-ы жеке кәріз жүйесі бар (септик) дәретхананы пайдаланса, Түркістан облысында мұндай дәретхананы пайдаланатын үйлердің үлесі ең төмен деңгейде – 8,9%. Түркістан облысында дәретхананың 86,7%-ы сыртта орналасқан. Мұндағы тұрғындар дәретханаға шұңқыр қазуға мәжбүр. Дәретхананың басым бөлігі сыртта орналасқан өңірлердің үштігіне Қызылорда (74,7%) және Атырау (64%) облыстары енді.

17 мамыр 2021 ж. 272 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031