Жаңа пандемияның алдын алу әдісі анықталды
Халықаралық ғалымдар тобы жаңа пандемияның алдын алудың және тыныс жолдарының инфекциясын азайтудың тиімді әдісін тапты. Оны ғимараттың ішкі желдетуін жақсарту арқылы жасауға болады, деп хабарлайды stan.kz
Шамамен екі апта бұрын ДДСҰ SARS-CoV-2 коронавирусы негізінен аэрозольдер арқылы ауада таралатынын мойындады. Жаңа мақалада зерттеушілер халықаралық ұйым мен басқа да басқару органдарын ауа тамшыларымен берілетін патогендік қоздырғыштарды қоса алғанда, ғимарат ішіндегі ауа сапасына қатысты ұсыныстарды кеңейтуге шақырады.
Мамандардың пікірінше, парадигманың мұндай ауысуы XIX ғасырда қалаларда жетілдірілген сумен жабдықтау және орталықтандырылған кәріз жүйелері пайда бола бастаған кезде қалыптасқа жағдайға ұқсауы мүмкін.
ХХ ғасырдың басында америкалық денсаулық сақтау сарапшысы Чарльз Чапин респираторлық инфекция қоздырғыштарының ауа арқылы берілуі мүмкін емес деп мәлімдеді. Өйткені қоздырғыштар үлкен тамшыларда болады. Тек 1945 жылы Уильям Уэллс суды зарарсыздандыру және азық-түлік сапасын сақтау үшін көп күш жұмсалғанына наразылық білдірді. Бірақ бұрынғы қате түсініктерге байланысты ауа-тамшы инфекцияларының алдын-алу үшін ештеңе жасалмады.
Ғалымдардың айтуынша, үй-жайларда адамдардың жұқтыру қаупін азайту үшін ғимараттар мен желдетуді жобалау қажет. Көміртек тотығы сияқты химиялық заттарға қатысты қауіпсіздік ережелері бар болғанымен, қазіргі уақытта жабық ауада бактериялар мен вирустардың адамға әсерін азайту стандарттарын қамтамасыз ететін нұсқаулар жоқ.