Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда интернет 10 есеге арзан

Қазақстанда интернет 10 есеге арзан

Қазақстан әлемде интернеті ең арзан елдердің бірі деп танылды. Осы жөніндегі сараптама жасаған Internet Accessibility индексінде еліміз үздік бестіктен көрінді.

Дәлірегі Қазақстан әлемде ғаламторы арзан елдердің рейтингісінде бесінші орын алды. Сарапшылардың зерттеуінше, елімізде 1 гигабайт пакет интернеттің құны бар-жоғы 0,9 долларды құрайды. Ал мұндай көлемдегі ғаламтордың бағасы көп елдерде 9-10 долллардан кем емес. Яғни, біздегі баға 10 есеге арзан деген сөз. Мәселен, Қазақстанда 15 Гб интернет үшін 13,5 доллар төленеді. Ал ол Германияда — 73,5 доллар, Жапонияда- 84 доллар, АҚШ-та — 144 доллар, Канадада — 166,5 доллар, Швейцарияда — 192 доллар тұрады. Ал әлемде ең арзан мобильді интернет Үндістанда екен. Сондай-ақ, ғаламтор Израильде, Ресейде де арзан. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша Қазақстанда интернетке шыға алатын барлығы 16,1 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бір жыл ішінде олардың саны 8 пайызға, ал соңғы бес жылда 45,9 пайызға көбейген. 2020 жылға мәлімет бойынша 6-74 жас аралығындағы интернет қолданушылардың саны 88,2 пайызға өскен.


13 мамыр 2021 ж. 504 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031