Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық депутат мектептерде соңғы қоңырауды өткізуге қарсы шықты

Қазақстандық депутат мектептерде соңғы қоңырауды өткізуге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық мектептердің бітіруші түлектері үшін қорытынды аттестаттау мен соңғы қоңырауды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды  stan.kz

  2021 жылдың 28 мамырынан бастап 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы басталады. Депутат ғимаратта оқушылар, мұғалімдер және техникалық персоналдар жаппай жиналады деп қорқады. Оның үстіне емтихандардың ұзақтығы екіден бес сағатқа дейін сөзылады. Екінші жағынан, 2021 жылы елде 9-сыныптың 264 469 оқушысы үш емтихан, ал 11-сыныпта 154 816 оқушы төрт емтихан тапсырады. Жалпы, оның айтуынша, 400 мыңнан астам оқушыға COVID-19 жұқтыру қаупі төнеді.
"Аралас оқыту оқушыларды жұқтыру фактілеріне әкеп соқтырған жағдайда, қорытынды аттестаттау мен 25 мамырға арналған салтанатты жиындарды өткізуді балалардың денсаулығы үшін артық және негізсіз тәуекел деп санаймыз. Осыған байланысты 9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттауды алып тастауды және 2020-2021 оқу жылының жылдық бағалары негізінде қорытынды баға қоюды ұсынамыз. Мұндай тәжірибе қазірдің өзінде бар. Былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 9, 11-сыныптар қорытынды аттестаттаудан өткен жоқ. Қорытынды бағалар оқу жылының жылдық бағалары негізінде қойылды. Сондай-ақ, 9, 11 сынып оқушылары үшін офлайн соңғы қоңырауды болдырмауды ұсынамыз. Аттестаттау нәтижелері оқушылардың колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ешқандай әсер етпейді", - деді Жұлдыз Сүлейменова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдап.
Ол пандемия және қашықтан оқыту жағдайында қорытынды аттестаттауды өткізуде тиісті заңға тәуелді нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді және икемді тәсілдерді регламенттеуді ұсынды.
"Сонымен қатар, 6 мамырдан бастап ҰБТ тапсыру процесі басталғандықтан, жергілікті атқарушы билік органдары бас санитар дәрігерлермен бірлесіп, ҰБТ тапсыру пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жауапкершілікті күшейтсін. Қосымша ҰБТ тапсыру пункттерінің "бір тестіленуші - бір компьютер - бір камера" қағидаты бойынша оқушыларды қабылдауға дайындығы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, оның ішінде қашықтық талаптарының сақталуы, жеке қорғаныс құралдарының, санитайзерлердің болуы, желдету жүйелерінің жарамдылығы туралы ақпаратты сұраймыз", - деп талап етті депутат.
12 мамыр 2021 ж. 398 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031