Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» табылды

Жоғалып кеткен «Қызылорда аруы» табылды

Алматы қаласында іздеу жарияланған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисі Гүлнұр Нұртаза табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше кешкісін Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасына Гүлнұр Нұртазаның жоғалып кеткендігі туралы құрбысынан арыз түскен. Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалған бойжеткен табылды.
«Белгілі болғанындай, ару осыдан бір күн бұрын ешкімді ескертпестен Тараз қаласына кетіп қалған. Ол байланысқа шықты. Аман-есен», деп хабарлады департамент өкілі.
Еске салайық, бұдан бұрын бойжеткеннің қиын жағдайға тап болғаны туралы жазған болатынбыз. Әлеуметтік желіде Қызылорда аруының дәмханада ыдыс жуып жүрген видеосы тарады. Кейін Гүлнұрдың отбасындағы жалғыз қыз екені, 15 жасында әкесі жүрек талмасынан, өткен жылы қыркүйекте анасы коронавирустан қайтыс болғаны туралы дерек анықталды. Сондай-ақ құрбысы Гүлнұрдың жүрегінде ақау барын, арасында мұрнынан қан ағып талып қалатынын айтқан еді.
Айта кетейік, Гүлнұр Нұртаза «Қызылорда аруы-2017» байқауының жеңімпазы. Қазіргі уақытта Алматыда жұмыс істейді.

28 сәуір 2021 ж. 1 047 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031