Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцинация: Кері әсер мен психосоматикалық «белгілерді» қалай ажыратамыз

Вакцинация: Кері әсер мен психосоматикалық «белгілерді» қалай ажыратамыз

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары, эпидемиолог Айнагүл Қуатбаева вакцина алғанда байқалуы мүмкін психосоматикалық құбылыстардың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Медицина ғылымдарының кандидаты Айнагүл Қуатбаева өз тәжірибесіне сүйеніп, вакцина алған кезде, әсіресе, жастар мен әйел адамдардың өз ағзасынан психосоматикалық «белгілерді» жиі «байқайтынын» айтады. Эпидемиолог маман отандастарымызға салынып жатқан Спутник V вакцинасының вируспен күресу тәсіліне де тоқталды. «Спутник V» векторлық вакциналардың қатарына жатады. Вектор деп тасымалдаушы мағынасында айтып отырмыз. Бірінші кезеңде салынатын вакцинаның құрамында аденовирустың 26-серотипі пайдаланылады. Ал екінші кезеңде аденовирустың 5-серотипі пайдаланылады. Не үшін аденовирус? Себебі аденовируспен адамзат миллиондаған жылдан бері «достасып» алған деуге де болады. Яғни, ол адамзат арасындағы циркуляцияда бар вирус», - дейді ғалым. Ұлттық орталық өкілінің айтуынша, кез келген адамның бойында аденовриустың бірнеше серотипіне бейімделген спецификалық антиденелер бар. «Сол серотиптерге коронавирустың «S» тәріздес ақуызына ұқсас зат салынады. Ол түскенде ағза оны аденовирустың бір бөлшегі ретінде қабылдайды және аденовирустың осы бөлшегіне тезірек иммунитет қалыптастырады. Бұрыннан таныс аденовирус түскен кезде антиденелер жан-жақтап қозып, концентрациясын көбейтеді. Бір антидене бір мезгілде миллиондаған антиденеге көбейетін қабілетке ие. Осы принциппен жаңадан түскен «S» ақуызына да параллельді түрде антидене қалыптастырады. Содан кейін ол антиденелер организмде сақталып, жүйелі түрде өзінің орнында болады», - дейді Айнагүл Қуатбаева. Ғалым айтып отырған «психосоматикалық» белгілер осы антидененің белсенді әрекеті кезінде пайда болуы мүмкін. Мұны эпидемиолог қарапайым тілмен былай деп түсіндірді. «Антиденелер вакцина егілген бірінші күннен бастап «S»-ақуызға бөлініп, жұмыс істей бастады. Сол кезде қорғану қабілеті оянып, кейбір адамдардың миында температураға жауапты орталығы белсенді жұмыс істей бастайды. Кей адамда бұлшық еттердің сезімталдығын арттыратын орталықтар белсенеді. Сол арқылы біз бұлшық етіміздің немесе буындарымыздың ауырғанын сезуіміз мүмкін. Бұл вакцина ағзаға түскеннен кейін бірінші күннен бастап қорғану қабілеттерімізді жұмылдырады. Әсерінен денеміз дел сал болғандай, екпе салған қолымыз ауырғандай, ине салған жер ісінген сияқты сезімдер байқалуы мүмкін. Кейбіреулердің дене қызуы артуы да ықтимал. Ал егер дене температураңыз 38-ден асып, 39-ға жақындап кетсе, ересек адам ретінде жедел жәрдем шақыруыңызға болады. Бірақ өз бетіңізбен ешқайда барудың қажеті жоқ», - дейді маман. Айнагүл Қуатбаев психосоматикалық әсердің өтпелі екенін, оны қалыпты құбылыс деп қабылдау керектігін ескертті. «Бұл күтілетін құбылыс. Реакцияның болуы вакцинаның өз міндетін атқарып жатқаны туралы сигнал деп айтуға болады. Кейбіреулерде бәсең, кей адамдарда белсенді жүреді. Біреулер жарты күн сезінуі мүмкін. Көбінесе көп адамдарда 3 күнге дейін созылады. Әр адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты», - дейді эпидемиолог. Ғалым психосоматикалық реакцияға вакцинаның тікелей қатысы жоқ екенін баса айтты. Бұл адам психологиясымен байланысты құбылыс болғандықтан, оған көбінесе БАҚ пен әлеуметтік желідегі әр түрлі алыпқашпа ақпараттар түрткі болатын көрінеді. «Психосоматикалық реакция дегеніміз қандай белгі? БАҚ-та, әлеуметтік желіде вакцина туралы негатив мәліметтер қазір көп. Психосоматикаға жастау адамдар, әйелдер бейімдеу келеді. Вакцинаны салдыруын салдырып алып, есіңізден кетпей қоюы мүмкін. Ағзаңыздан кері әсерін іздеп отырасыз. «Оң аяғымның табаны бір түрлі болып тұр» деп өзіңізді соған сендіре бастайсыз. Сондай жағдайда адам тынысы жиілейді. Тыныс жиілеген сайын мидағы оттегі концентрациясы жоғарылайды. Себебі өкпе қанды оттегімен шегінен тыс қоректендіреді. Осы кезде ми реттеу финукциясына көшіп, «тыныс алуды тоқтат» деген сигнал бере бастайды. Содан екі жақтан бірдей мезгілде қарама-қайшы команда келеді. Бір кезде мидың сигналы жеңіп, демалу процесі бәсеңдейді. Енді ағзаға оттегі жетіспеу басталады. Оттегі жетпеген соң оны ең бірінші ми сезеді. Одан кейін қол мен аяқтың саусақтары ұйығандай болады. Кей адам аяқ-қолы ұйығанын көріп, «жүрегім тоқтап қалатын шығар» деп ойлауы мүмкін. Оттегі азайған кезде жүректің соғысы жылдамдайды. Өйткені ол миға қанды көбірек айдау керек деген сигнал алады. Жүректің жылдам соғуы тамыр соғысын жиілетеді. Содан басыңыз күрт ауырады. Ағзадағы қарама-қайшылықты тербелістер мидың қандай да бір орталығына ұласуы мүмкін. Егер ол температураға жауап беретін орталық болса, тербеліс әсерінен қызу көтерілуі мүмкін. Немесе көзіңізді ұлғайтуы, құлақты тұндыруы мүмкін деген сияқты. Осының бәрінің әсерінен адам өзі толыққанды ауру сезінеді. Ал оның негізгі себебі жай ғана психосоматика. Оны елеудің қажеті жоқ», - дейді Айнагүл Қуатбаева. Сөз соңында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары, Айнагүл Қуатбаева қазақстандықтардың ешбірі де вакциналау кезінде ескерусіз қалмайтынын айтты. «Бір де бір адамның ескерусіз қалу мүмкін емес. Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі азаматтардың барлығына вакцина салғызуды ұсынып, хабарласады. Ал оны қабылдау немесе бас тарту әр адамның еркі», - деді эпидемиолог.
08 сәуір 2021 ж. 2 106 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930