Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иммунолог тек мұрынды жабатын маска ойлап тапты

Иммунолог тек мұрынды жабатын маска ойлап тапты

 Мексикалық иммунолог тек мұрынды жабатын оғаш маска түрін ұсынды деп хабарлайды Inside Edition басылымы.
Мексикада тұратын иммунолог Густаво Акоста маска тағып, тамақтану орындарына баратын жандар үшін арнайы маска ойлап тапқанын алға тартуда. Айтуынша, бұл маска әдеттегі бетперделердің орнын толықтай алмастыра алмайды. Десе де, сусын ішу немесе жүрек жалғау кезінде оның маскасы таптырмас көмекші болатынына сенімді. Себебі, маска тек мұрынды ғана жауып тұрады. Бұл өз алдына емін-еркін тамақтануға мүмкіндік береді. Ал маска вирустың мұрын арқылы еніп кетуіне кедергі келтіретін болады. Густавоның маскасын әсіресе егде жастағы азаматтар арасында ұнатқандар баршылық. Олар осылайша коронавирус дертін жұқтырудың алдын алатынына сенуде. Еске салсақ, бұған дейін израильдік Avtipus patents and inventions компаниясының өнертапқыштары масканы тағып алып ас ішуге болатын медициналық бетперде ойлап тапқанын жазған едік. Олар кәдімгі медициналық масканың дизайнын өзгертіп, оған автоматты түрде немесе механикалық түрде ашылатын, адамға тамақ жеуге мүмкіндік беретін механизм енгізген екен. Одан бөлек, Жапонияда бассейндер ашылып, суға түсуге рұқсат берілгендіктен, елде суда жүзуге арналған арнайы қорғаныс бетпердесі ойлап табылғанын жазған болатынбыз.
05 сәуір 2021 ж. 2 192 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930