Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар: Жаз ғасыр соңында жарты жылға созылады

Ғалымдар: Жаз ғасыр соңында жарты жылға созылады

Қытай ғалымдары 2100 жылға қарай ғаламдық жылыну салдарынан жаз орташа есеппен алты айға созылуы мүмкін екенін айтты. Мұндай өзгерістер адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне әсер етеді, деп хабарлайды stan.kz

Ғалымдар 1952 жылдан 2011 жылға дейін жаз мезгілінің ұзақтығы 78-ден 95 күнге дейін, ал қыстың ұзақтығы 73 күнге дейін қысқарғанын анықтады. Жыл мезгілдерінің ең үлкен өзгерістері Жерорта теңізі мен Тибет таулы аймақтарында болды.
"Біз солтүстік жарты шарда жаздың ұзарғанын және қыстың қысқарғанын анықтадық. Көктем мен күз қысқарақ. Ғаламдық жылынудың қазіргі қарқыны өзгермесе де, болашақта жыл мезгілдерінің уақыты өзгереді. Болжам бойынша, 2100 жылға қарай, жаз алты айға созылады, ал қыс - екі айдан аз болады", - дейді ғалымдар.
Мұндай өзгерістер, ғалымдардың пікірінше, ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселелерге, құстардың маусымдық қоныс аударуындағы үзілістерге әкеледі. Аллергиямен ауыратындар және қан қысымының жоғарылауымен немесе төмендігімен ауыратын адамдарға қиын болады.
11 наурыз 2021 ж. 2 804 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031