Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасы басталды

Қызылорда облысында «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасы басталды

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасы бастау алды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастамасымен қолға алынған жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру көзделіп отыр. Жыл көлемінде ай сайын құзырлы мемлекеттік органдармен құқықтық оқулар өткізілетін болады.
"Департаментпен облыстағы мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі көрсеткендей 2020 жылы 667 мемлекеттік қызметші құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершіліктерге тартылған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда төмен, дегенмен де құқық бұзушылықтардың орын алуы себептерінің бірі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын жете білмеу болып отыр.
Осыған орай «Бірыңғай құқықтық оқыту» жобасын бастап отырмыз. Құқықбұзушылықтар жиі орын алатын салалар бойынша құқықтық оқыту өткізетін құзырлы мемлекеттік органдардың тізімі жасақталды. Оқулар онлайн форматта өтеді. Құқықтық оқытулармен бір мезетте облыстың мемлекеттік қызметшілерінің басым бөлігі қамтылатын болады", - деді департамент басшысы Рафхат Бисенов.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында өтетін онлайн оқулар тікелей эфирде «Zoom» платформасы және департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.
Бірыңғай құқықтық оқытудың алғашқы шарасына облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов қатысып, биылдан басталған жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің маңыздылығына тоқталды. №250 нысанды «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны толтыру ережесін түсіндіріп, тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан декларация тапсыруға, салық заңнамаларына байланысты қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Айта кету керек, биыл декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары), оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
баспасөз қызметі
01 наурыз 2021 ж. 2 486 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930