Қазақстандағы бірнеше қалада бірінші ауысым сабақтары тоқтатылды
25 ақпанда Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Саран және Абай қалаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылады, деп хабарлайды stan.kz
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 25 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -25 С ) I ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін мектептердегі сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді.
Ал Қарағанды, Теміртау, Саран және Абай қалаларында бірінші ауысымдағы 0-11 сыныптарға арналған сабақтар тоқтатылады.Сабақтар қашықтан өткізіледі.
Колледждер, дарынды балаларға арналған және түзету мектептері де қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды.
Жезқазғанда бірінші ауысымдағы 0-5 кезекші сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн режимге ауыстырылды.
Айта кетейік, 25 ақпанда Қазақстанда бұлтты ауа райы болжанады, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауады. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 5 метрден 17 метрге дейін жел соғады, екпіні секундына 20-29 метрге дейін жетеді.