Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен қандай әлеуметтік төлем алады?

Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен қандай әлеуметтік төлем алады?

Елімізде 92 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыссыз қалған қызметкер соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. 

Бұған дейінгі кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелген кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық жүйе проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Жұмыссыздығын растау үшін SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Сонда төлем автоматты түрде тағайындалады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асады. Сонымен қатар, жұмыс іздеу кезінде де төлем беріледі.
Егер кәсіпорынның жабылуы, штат санының қысқаруы немесе өндіріс көлемінің төмендеуі нәтижесінде жұмысынан айырылса, әлеуметтік аударымда 36 және одан көп айға төленсе, жұмыссыз қалғаны үшін төлем 6 айға тағайындалады.
Осы күзден бастап электронды еңбек биржасы жұмыс іздеушіге бос вакансияларды автоматты түрде ұсынады. Электрондық еңбек биржасының порталы жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос вакансияларды, «Еңбек» бағдарламасының құралдарын ұсынады. Яғни, шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды. Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді де, оған тиісті жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп тағайындайды.
Айта кетерлігі электрондық еңбек биржасының сайтында әр тоқсан сайын сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланады. Өткен жылы құрылыс саласы бойынша 192 063 жұмыс орны тіркелсе, білім саласында 163 168 жұмыс орны, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында 106 980 жұмыс орны бос екені анықталған.
Қай өңірлерде жұмыс күші азайды?
Электрондық еңбек биржасының мәліметінше, Қазақстан Республикасы халқының саны 2020 жылғы 3 тоқсанның дерегі бойынша өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,2%- ға өскен. Халықтың өсуі әсіресе, оңтүстік және батыс аймақтарда байқалады. Ал солтүстік аймақта көрсеткіш төмен. Іс жүзінде астана, республикалық маңызы бар қалалар, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлерде жұмыс күшінің азаюы тіркелген.
Коронавирус пандемиясы кезінде республикада жұмыспен қамтылған халық саны 0,7% -ға қысқарған. Негізінен жұмыспен қамтылғандардың өсімі елордада (+2%), Түркістан облысында (3,7%), Алматы (1,9%) және Шымкент (0,4%) қалаларында ғана тіркеліп отыр.
Нақты қай салалар қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр болғаны да белгілі болды. Мысалы, тамақтану бойынша қызмет көрсету (-8,3%), өнер және ойын-сауық (-7,8%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (-6,3%) саласы қаржылық қиындыққа тап болды. Салдарынан қызметкерлері қысқарды.

Білікті мамандар бас қалаларда ғана жұмыс істейді
Жұмыспен қамту құрылымы бойынша білім деңгейі жоғары қызметкерлер саны жоғары аймақтар қатарында астана және республикалық маңызы бар қалалар еніп отыр. Ал оңтүстік өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мектеп кезіндегі алған білімімен шектеледі екен. Осы ретте айта кетерлігі, орта білімі бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 74,3%-ы оңтүстік өңірлерде тұрады.
Жалдамалы жұмыскерлердің ең көп үлесі Алматы қаласы мен (13,1%) және Алматы облысына (10,5%) тиесілі. Себебі, жұмыс күшін жалдауға қабілетті кәсіпкерлік сала аталған өңірде жақсы дамыған.

Жұмыссыздық белең алды
Жұмыспен қамтылған халықтың, оның ішінде жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қысқаруы салдарынан жұмыссыздар саны өсуде. Республика бойынша ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздар саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9% – ға өсті.
Ел бойынша атаулы жалақы 2020 жылдың 3 тоқсанында 204,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6,9%-ға жоғары. Жалақының өсу үрдісі Нұр-Сұлтан қаласынан басқа барлық өңірлерде байқалады. Айта кету керек, жалақы тек төрт өңірде, атап айтқанда Атырау (1,7 есе), Маңғыстау (1,5 есе) облыстары мен Нұр-Сұлтан (1,4 есе) және Алматы (1,2 есе) қалаларында республикалық деңгейден жоғары.

Еңбек құқығы қорғала ма?
Ресми статистикалық дерек бойынша Қазақстанда 324 мың кәсіпорында 6 млн 650 мыңнан астам жалдамалы қызметкер бар. Олардың жалақысы өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 6,9% – ға өскен.
Ағымдағы жылы еңбек инспекторлары жалақы бойынша 4,2 млрд теңге берешекті өндіріп алған. Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалыпты.
Айта кетерлігі, жалақы бойынша берешекті дер кезінде өтеуді күшейту мақсатында ағымдағы жылы заңнамалық тәртіппен жұмыс берушіге берілетін мемлекеттік еңбек инспекторы нұсқамасының мәртебесі сот орындаушысының бұйрығына теңестірілді. Бұл жалақы бойынша берешек үшін жұмыс берушілердің шоттары мен мүлкіне қосымша тыйым салуға, елден шығуға шектеулер енгізуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, соңғы үш жылда (2017-2019 жж.) жұмыс орнында жарақаттану 15%-ға төмендеген. Десе де, биыл еліміздегі кәсіпорындарында 1 300 адам жұмыс орнында зардап шегіп, оның ішінде 185 адам қайтыс болды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 33 лауазымды адам жұмыстан шеттетілді, 11 жабдықтың жұмысы тоқтатылды, құқық қорғау органдарына 812 іс жолданды, олар бойынша 97 қылмыстық іс қозғалды.
04 қаңтар 2021 ж. 2 658 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930