Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Желіде дәрігерлерге арналған видео пайда болды

Желіде дәрігерлерге арналған видео пайда болды

 Әлеуметтік желіде медицина қызметкерлеріне арналған видео пайда болды. Ол "Біз біргеміз" Жаңа жылдық алғыс кеші" жобасы аясында жаңа жыл кешінде жарияланды.

Клипті әзірлегендердің бірі, продюсер Даут Шайхисламов қазақстандық және ресейлік музыкантшылар орындаған ерекше сыйлықтың әр жолы 2020 жылғы ақ халаттағы батырларға арналғанын атап өтті. Әннің әр сөзі жүздеген күнін демалыссыз, ұйқысыз өткізген барша жанға деген махаббат пен алғысқа толы.

"2020 жыл көпшілік үшін оңай болмағаны сөзсіз, бірақ біз дәрігерлер үшін қаншалықты қиын болғанын елестете де алмайтын шығармыз. Бұл бейнебаян арқылы өз міндетін кіршіксіз атқарған ақ халатты батырларға алғысымызды білдіреміз", - деді Даут Шайхисламов.

 

Айта кетейік, бұл - Қазақстан және Ресей әншілерінің қосыла шырқаған үшінші бейнебаяны. Біріншісі "Бір әлем - үйде біргеміз" деп аталатын клип пандемиямының басында шықты, ал содан кейін  Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған "Тырналар" бейнебаяны жарияланды.
04 қаңтар 2021 ж. 1 966 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031