Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы көтеріледі

Қазақстанда зейнетақы көтеріледі

Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 процентке көтеру ескеріле отырып көзделген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған заңға сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап: жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 18 524 теңге; зейнетақының ең төмен мөлшері – 43 272 теңге; жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге болып белгіленді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 процентке көтеру ескеріле отырып көзделген.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 пайыз деп белгіленді.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында болады.
Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

04 желтоқсан 2020 ж. 1 238 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031