Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр суына жыланбалық қайдан келді?

Сыр суына жыланбалық қайдан келді?

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романын оқыған жандар балық аулау машақаты оңай емес екенін жақсы білсе керек. Қазірде мұны кәсіпке айналдырғандар шақырайған күн астында да айдынның бетінде теңіз маржанын судан шығарып, саршұнақ аязда ауа райына қарамастан мұз ойып, суық суды белшеден кешіп, зілдей балық салынған қаптарды жағаға шығарудан жасқанбайды. Кей жандар көл, теңіз, өзен жағасында балық аулап көңілді демалыс өткізуді құп көреді. Сондықтан осы тірлікті сүйетін қауым жылан тектес балықтың Сырдарияға қалай келгенін білетін болар. Ал білмейтіндер үшін бұл балықтың Сыр суына қайдан бас сұққанын анықтап көрелік.
Ең алдымен бұл балықтың қалай пайда болғанына тоқталсақ. Негізінен жыланбалық Іле – Балқаш суында бұрын болмаған. Сондай-ақ олар ихтиофауна құрамын толықтырған жаңа түр. Сырт келбеті, яғни тері жабыны жыланға ұқсағандықтан, жыланбас аталуы да ғажап емес.
Деректерді сөйлетсек, ол Қытай мен Корея су айдынында тіршілік етеді. Сонымен қатар Амур өзені мен Ханка көлінде кеңінен тараған. 1960 жылдардың басында Сырдария өзеніне ҚХР-дан өсімдікпен қоректенетін балықтарды жерсіндіру барысында енген. Одан кейін Арал теңізі, Талас және Шу, Сарысу өзенінің төменгі ағыстарына тарала бастаған. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, Аралдан Алматы маңындағы тоғандардың біріне тұқы және өсімдік қоректі балықтардың шабағын әкелу барысында жыланбас балықтың да шабағы бірге келген, кейіннен суармалы каналдар арқылы Кіші Алматы, одан кейін Қапшағай суқоймасына құятын Қаскелең өзендерінде пайда бола бастады.
Расымен тұрқы, түсі де өзгеше оны байырғы балықшылар оншалықты қадірлемейтіндіктен, бүгіннің өзінде оны жақтыратындар аз. Бұл тіршілік иесі жыртқыш балық қатарына жатады. Ол өте жанқияр шыдамдылығымен өзге тұқымнан ерекшеленіп тұрады. Оны жылан балық аулап жүрген ағайын жақсы біледі. Су ортасынан шығып қалса, жағаның өзінде өліп болуы қиын. Ол аз десеңіз, бұл балықтың кей түрі құрғақта 4 тәулікке дейін тіршілік ете береді. Иә, таңғалуға тұрарлық.
Тез көбейіп, өзге балықтың тұқымын құртқанды қалайтын бұған көп елдің көңілі толмайды. Бұл жыртқыш АҚШ-тың Мэриленд, Флорида, Калифорния штаттарында жергілікті ихтиофаунаға зардабы көп деп танылған. Кейінгі уақытта оның қатарына Джорджия штаты қосылды.
Бұл тіршілік иесі Сырдарияға қайдан, қашан және қалай келді? Зерттей келе, «Egemen.kz» сайтындағы мына жазбаға көз түсті. Осы тақырыпты карантин уақытында қозғаған «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі – Мұрат Жетпіспаев. Ондағы жазбаларға сенсек, Сыр бойындағы көлдердің бірінде балық аулап жүргендердің торына күтпеген жерден түсі өзгеше бір балық түскен. Әлгінің қандай тіршілік иесін екендігін су тереңін талай сүзген байырғы балықшылар да, балық түрін зерттеумен айналысатын мамандар да дөп басып айта алмапты. Ақыры энцликопедияға қарап, мұның Қиыр Шығыстағы Ханко көлінде тіршілік ететін жылан басты балық екенін анықтапты. Бірақ оның Сыр бойына қалай келгені ақыры белгісіз күйде қалса керек. Міне, жылан балықтың Сыр суына келуі туралы білгеніміздің бары осы.

А.БАҚЫТҰЛЫ
21 қараша 2020 ж. 2 461 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930