Үздіксіз қызмет көрсетуде
Қарбалас шақта коммуналдық сала мамандары халық сұранысына сай тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінде қала тұрғындарына «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің теңгеріміндегі 112 ұңғыма арқылы тґулігіне 83 мың текше метр ауызсу таратылуда. Таза ґрі сапалы тіршілік нґрі «Қызылжармада» өндіріледі. Ауызсудан басқа қызметтер де үздіксіз көрсетілуде.
Десек те, карантин кезеңінде кей нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Өйткені, тозығы жеткен, сапасы сын көтермейтін желілер де бар. Халықтың қажеттілігі бірінші орында. Сондықтан жөндеу жұмыстары да жүйелі қолға алынған. Мәселен, Қызылорда қаласының орталық бөлігі мен «Арай», «Шымбай», «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла» ықшам аудандары бойынша трансформаторлық қосалқы станциялар, көпқабатты тұрғын үйлер арасындағы кабель желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүруде. Трансформаторлық қосалқы станциялардан шығатын желілер, электр берілісінің әуе желілері, трансформаторлық қосалқы станциялар арасындағы әуе желілері жөнделуде. Ал қосалқы станциядағы трансформаторлық ақауларды жоюды оқшаулау, тазалау жұмыстары дер кезінде қолға алынған. «Саяхат» шағын ауданында жаңадан салынған электр желілеріне абоненттер қосылып жатыр.
– Комсомол, Титов, Гагарин, КБИ, Шанхай ықшам аудандарында 146 шақырым электр желісі жаңғыртылуда. Тағы 8,1 шақырым трансформаторлық қосалқы станцияларалық желілері жөнделді. Бүгінде электр қуатын тұтынушы абоненттерден тәулігіне 30-дан астам өтінім қабылданып, толығымен қалпына келтірілуде, – дейді сала мамандары.
Тасбөгет кенті де мұндай жұмыстардан тыс қалмайды. Ұзындығы 19 шақырым трансформаторлық қосалқы станциялар арасындағы әуе желілеріне және 5 дана трансформаторлық қосалқы станциялардан шығатын 15 шақырым желіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, 3,5 шақырым трансформаторлық қосалқы станциялардан шығатын әуе желілері мен 4 дана трансформаторлық қосалқы станция жөнделді. Тасбөгетке қарасты «Сабалақ» саяжайында да сан түрлі жұмыстар қолға алынған.
Қала бойынша ауызсу жүйесіндегі түрлі ақаулар бойынша тәулігіне 10-15 шағым, ал кәріз жүйесіндегі ақаулар бойынша 3-5 шағым түседі. Олардың барлығы «Қызылорда су жүйесі» МКК ақауды қалпына келтіру бригадасы арқылы тез арада қалпына келтірілуде. Айта кетейік, қазір «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша мекеме теңгеріміндегі нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау 30 процентке орындалған. Аталған бағдарлама бойынша жұмыссыздар есебінде тұрған 25 адам уақытша жұмыспен қамтылды.
Жылу жүйесінде де бірқатар шаруа қолға алынды. Қаланың бірнеше аумағында жылу жүйесі құбырлары ауыстырылып жатыр. Тиісті сала басшыларының айтуынша, 1 қазанға дейін барлық жұмыс аяқталып, жылу беру жүйесі сынамадан өтіп, қаһарлы маусымға сақадай сай тұрмақ.
syrboyi.kz