ПТР-тесті жаппай тапсырудың керегі жоқ - маман пікірі

«Пациентте созылмалы аурулар, күретамыр жоғары қан қысымы, қант диабеті болса, онда олар ерекше бақылауда болуы тиіс. Ең алдымен өзін-өзі бақылауы керек. Екіншіден, амбулаторлық мекеме тарапынан қадағалау болуы тиіс. Індет Қазақстанға қарағанда ерте келген Еуропадағы, Қытайдағы өткенге шолу сараптамаларына қарағанда, ауыр COVID-19 өкпе қабынуы бар адамдардың шамамен 40 пайызы қант диабетіне шалдыққан», - деді Махаббат Бекбосынова. Оның айтуынша, ПТР-диагностика үшін тест тапсыруға нақты ауру белгісі болуы тиіс. Өйткені, әлемдік статистикаға қарағанда, коронавирус инфекциясы бар адамдардың 30 пайызында ПТР-тесті вирус жоқ деп көрсетеді. «Ендеше, барлығы жаппай ПТР-тесті тапсыру қажет пе екендігін ойлану қажет. Меніңше, ең алдымен клиникаға сүйенген жөн. ПТР-тесті вирусты анықтамағанымен пациентте коронавирусқа тән белгілер болған жағдайда үйде қалып, денсаулығын қадағалауы, дене қызуын өлшеп отыруы керек. Сонымен қатар тіркелген амбулаторлық мекемеге хабарласап, бақылауға алынған жөн»,- деді ол.
www.inform.kz