Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңсықбай атаның тағылымы

Таңсықбай атаның тағылымы

Қазалы қаласында тұратын Таңсықбай Мәмбетов он бес немеренің атасы. Алты ұл-қыздан тараған ұрпақтарына тәлімді тәрбие беріп отырған ол бірнеше жылдан бері асық жинауды әдетке айналдырған. Немерелері ес біліп, ойын баласы жасына жеткенде алғаш болып асық ойынын үйренеді. Оған Таңсықбай атаның ықпалы зор.
– Біздің балалық шақ қазіргіден әлдеқайда бөлек еді. Таң атысымен топ бала асық, ойнап, ләңгі теуіп көшенің шаңын шығаратынбыз. Кеш батқанда ойыннан сілеміз қатып үйге оралатынбыз. Тіпті тиын тігіп те асық ойнадық. Екі ұлым да асық ойынының қызығын көріп өсті. Алайда қазір асық ойнайтын бала аз. Тіпті асық табудың өзі қиындап барады, – дейді ол.
Таңсықбай атаның шаңырағына барғанымызда бір топ ер баланың аулада асық ойнап жүргенін көрдік. Ойынның қызығына беріліп мәре-сәре. Бауырларының қылығына сүйсіне қарап отырған Мирасты әңгімеге тартпақ болып:
– Сен асық ойнамайсың ба? – дедік.
– Күні кешеге дейін ойнадым. Қазір 8 сыныпта оқимын. Менімен тетелес балалар ойнамайды. Інілеріме білгенімді үйретемін. Асық ойыны керемет, үздіксіз қозғалыста боласың, – дейді.
Мирастың сөзінің жаны бар қазақ халқының дәстүрлі ойыны асықтың денсаулыққа пайдасы зор. Баланы ептілікке, мергендікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының бір түрі – омпы. Мұртынан не жамбасынан тұрғызылады. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың дәл ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыны көздей алмай, тұрған асықтардың біреуін құлатса, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.
Таңсықбай ата жинаған асықтардың ішінде түрлі-түске бойлағаны да, үлкені де, кішісі де бар. Жүзге жуықтайды. Атасының жанынан бір елі қалмайтын немересі Диастың асықтарын ешкімге бергісі жоқ.
– Асық – ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек. Ертеректе мал сойғанда үлкендер асықты арнайылап алып жататын. Қазір байқап отырсам, балалардың көпшілігі ұялы телефонға үңіліп отырады. Бұрын біздерді үйге кіргізе алмаушы еді, қазір баланы үйден тысқа шығара алмайсың. Асық ойыны үстінде жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың. Батылдыққа, тез шешім қабылдай білуге үйретеді. Бұл – ұлттық тәрбие, ұлттық ойын. Бұрынғының асыл мұрасын ұрпаққа жеткізу әр азаматтың парызы, – деген Таңсықбай атаның тағылымды ісі көпке үлгі.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 наурыз 2020 ж. 1 432 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930