Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

Биыл Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 1,7 миллиард теңгеге 21 жоба жүзеге асырыла бастады.
Оның ішінде білім, денсаулық және мәдени нысандарды күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Ал келесі жылы аталған жоба аясында 4 елді мекеннің тұрмысын жақсартуға бағытталған 57 жоба жүзеге асырылмақ. Соның бірі Шиелі ауданындағы Ақмая ауылы. Мұндағы осыдан 36 жыл бұрын салынған мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Оқу ошағының есік-терезесі тозып, спорт залдың қабырғасына сызат түскен. Ауыз су құбырлары да істен шығыпты. Марал Ахметов, мектеп директоры: - Оқу-тәрбие жұмысына ешқандай күрделі жөндеу жұмысына байланысты кедергі келіп тұрған жоқ. Бірақ дегенмен енді жөндеу жұмыстарының бағыты, сылақтары түскен, едені тозған, есік-терезелері бұрынғы ағаш күйінде сақталған, әйнектері шытынаған. Алмагүл Нұрасылова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары: - Енді әлеуметтік салаға 6 жобаға 442 млн теңге, көшені жарықтандыруға 5 жобаға 98 млн теңге, көлік инфрақұрылымына 45 жобаға 957 млн теңге, денсаулық сақтау бойынша 1 жобаға 114 млн теңгені біз құжаттарын әзірлеп, министрлікке тапсырғалы жатырмыз.
24.kz

24 қыркүйек 2019 ж. 1 139 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031