Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айнұр Тұрсынбаева шетелде демалудың арзан жолын көрсетті

Айнұр Тұрсынбаева шетелде демалудың арзан жолын көрсетті

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, шетелде демалу айтарлықтай қымбат емес екенін жеткізген. Ол қандай жолдар арқылы жақсы әрі қалта көтеретіндей демалуға болатынын айтып берді. Шетелге шықпаған адам үшін бұл қымбат көрінгенімен, қалауын тапсаң, қар жанатынын ұмытпағайсыздар дейді ол.

"Шетелге шықпаған адам үшін Анталияда демалу бір удай ақша сияқты көрінеді. Демалудың әр түрлі амалдары бар. Ертерек алып қойсаңыз арзанға түседі деген сияқты. Ақша мен уақыт ешқашан жетпейді ғой, сондықтан биыл қайткенде де шет елге демаламын деп мақсат қойсаңыз ақшаның реті өзімен-өзі болып кетеді", - дейді айтыскер ақын.

Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева нақты қалай арзан демалуға болатынын түсіндірген. Әуелі мақсат қойып, бағаларды іздеп, зерттеп көріңіз, жан-жақты қарастырыңыз деп кеңес берді ол.

"Біздің қателігіміз алдымен ақша табайын, сосын қыдырамын деп ойлаймыз. Адамға алдымен мақсат керек. Ақша сол мақсатыңызға байланысты табылады. Сенбесеңіз тура осылай жасап көріңіз. Турфирмаларсыз өзіңіз интернеттен зерттеп қарасаңыз Анталияға Өскеменнен, Ақтау, Шымкенттен билеттер өте арзан", - дейді Айнұр Тұрсынбаева.
04 тамыз 2019 ж. 2 960 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 154

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031