Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев салықтың бір түрін көтеруді тапсырды

Тоқаев салықтың бір түрін көтеруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық майнингке салынатын салықты арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Кейбір жасырын майнерлер халықтан да төмен тарифтерді төлеп отырады. Қазақстанға кіргізілетін қондырғылардың баждары мен салықтары төленбейді. Ал, ең бастысы, олар еліміздің ресурстарын барынша пайдаланып, оны басқа юрисдикцияларда ақшаға айналдырады. Қаржылық бақылау агентігінен осы жағдайды тәртіпке салуды сұраймын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, барлық майнингтік фермаларды анықтап, кедендік және салықтық құжаттарын тексеру керек. Техникалық шарттар қандай құжаттардың негізінде берілгенін де біліп алған жөн.
"15 наурызға дейін есеп беруді сұраймын. Тағы айтамын, мемлекет заңды түрде тіркелген майнингке қарсы емес. Бірақ осы салада жұмыс істегісі келетіндер тиісті рұқсат қағазын алуы керек. Электр энергияны ойға қонымды тарифтермен төлеуге тиіс. Табысын рәсімдеп, салық аударуы шарт. Жасыл энергетика жобаларын іске қосуы қажет. Майнингке салынатын салықты да көтереміз. Қазіргі бір киловатт үшін бір теңге ставкасы өте төмен болып тұр. Үкіметке қысқа уақыттың ішінде оны бірнеше есеге көтеруді тапсырамын", - деп атап көрсетті мемлекет.

Мемлекет басшысы цифрлық майнингті дамыту мен реттеу тәртібін әзірлеуді де тапсырды.
"Криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі төмен. Жаппай жұмыс орындары ашылмайды. Сонда өнім мүлдем жоқ деуге болады. Ал энергияны бірнеше облыс сияқты тұтынады. Үкіметке цифрлық майнингті дамыту мен реттеу бойынша толыққанды шешімдер пакетін әзірлеуі тиіс. Нәтижесін 1 сәуірге қарай күтемін", - деп атап көрсетті Тоқаев.
08 ақпан 2022 ж. 472 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031