Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы қорының жүйесі түсіндірілді

Зейнетақы қорының жүйесі түсіндірілді

Әйтеке би кенттік клубында «Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Қызылорда облы­сы әкімдігімен өзара меморандум талаптарын жүзе­ге асыру мақсатында жиын өтті. Оған тиісті сала қызмет­керлерімен бірге «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының өкілдері Ықыласбек Әлімбетов, Жанар Жәрімбетова, аудандық БЖЗҚ қызмет көрсету орталығының басшысы Ринат Аяп­бергенов қатысты. Басқосуда тұрғындардың сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тапсырмаларды орындау және міндетті зейнетақы жарналарының жүйелі түрде түсуі мен көлемін ұлғайту жайы айтылды.
Сондай-ақ, 2016-2018 жылдар ішінде қолданысқа енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерге және төлемдердің ай сайын берілу кестесіне ауысу себептері мен базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі жан-жақты талқыланды.
Айта кетейік, салымшыларға зейнетақы шоттарын ыңғайлы және заманауи тәсілдермен бақылауға мүмкіндік беретін «Электрондық қызметтер: жеңіл, жылдам және ыңғайлы» жобасы қосылды. Оның смартфонға арналған телефон қосымшасын жүктеп алуға болады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
31 наурыз 2018 ж. 2 144 0

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031