Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды

Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады, деп хабарлайды zakon.kz
Бастапқы салмақта 80,8 мың тонна қарақұмық жиналды, бұл 2020 жылғы деңгейден 76% артық. Сондай - ақ, қара бидай жинау қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 43%-ға артық, дәндік жүгері 22,6%-ға, бұршақ дақылдары 1,3%-ға артық жиналды. Бастапқы салмақтағы тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға, жүгері-5%-ға артты.
Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылған, 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2%-ды құраған болатын.
Құрамында дәнмаңызы жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60% - ды құрайды.
Жалпы, өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін де жеткілікті.
Сонымен қатар, 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, олардың жалпы жинау алаңынан 3,0 млн га (96,6%) жиналды, 2,3 млн тонна бастырылды.
18 қараша 2021 ж. 890 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 11

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031