Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы үш жылда қаржы пирамидалары бойынша 365 іс қозғалған

Соңғы үш жылда қаржы пирамидалары бойынша 365 іс қозғалған

Соңғы 3 жылда елімізде қаржы пирамидасын құруға қатсы бар 27 адам сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында айтқан. «Бас прокуратура сіздердің қаржылық пирамидалардың қызметі мен жарнамалануы туралы депутаттық сауалыңызды қарады. Құқық қорғау органдары осындай фактілерді анықтау жəне оның жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Соңғы 3 жылда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру жəне оған басшылық ету) бойынша 365 материал тіркелді», - деп жазылған Бас прокурордың жауабында. Бас прокуратура ұсынаған анықтамаға сүйенсек, қаржылық пирамидалар бойынша 2019 жылы – 24, 2020 жылы – 180, 2021 жылдың 5 айында – 161 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 321 іс сотқа жіберілген (2019 жылы – 61, 2020 жылы – 150, 2021 жылдың 5 айы – 110). «Тіркелген істер негізінде 27 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (2019ж. – 4, 2020ж. – 13, 2021ж. – 10)», - делінген ресми жауапта.
06 шілде 2021 ж. 1 326 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031