Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрт пен айран қауіпті

Құрт пен айран қауіпті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Қазақстан тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екенін мәлімдеді.   
Соңғы жылдары ДДҰ қолдауымен үш зерттеу жүргізіліп, Қазақстан әлемдегі тұзды ең көп тұтынатын елдердің бірі екені анықталған. Мамандардың айтуынша, елде әрбір адам күніне 17 г тұз тұтынады, бұл ДДҰ ұсынған нормадан төрт еседей артық көрінеді.
"Қазақстанда тұзды тұтыну деңгейінің жоғары болуына тарихи және заманауи үрдістер себеп болып отыр. Бұрын адамдар тұзды азық-түлікті – әсіресе ет пен шұжықты, сондай-ақ құрт, айран сияқты ашымал сүт өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту үшін пайдаланды", - деп жазылған ДДҰ хабарламасында.Зерттеу көрсеткендей, Орталық Азияда дәстүрлі тұзды тағамдарды өндіру үрдісі әлі де жалғасып келеді, ал өңделген азық-түліктердің пайда болуы жағдайды одан сайын нашарлатып жіберген, деп жазды Новости ООН.
ДДҰ азық-түліктің бұл зиянды бөліктері созылмалы аурулардың көбеюіне әкелетінін ескертті.
"Дәрігерлер Қазақстан халқы дұрыс тамақтану, әсіресе тұзды тұтынуға қатысты ұсынымдарды ескермейтін болса, бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, семіздік, екінші типті қант диабеті мен онкологиялық аурулардың артуына әкелетінін ескертеді", - деп атап өтті ДДҰ мамандары.
11 наурыз 2019 ж. 1 831 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 222

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031