Қалдар сыр шертеді
Қал қайда болса...... Денедегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы, болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар, пайымдаулар айтылады. Егер денеде неғұрлым қал көп болса, мән-мағынасы да соғұрлым мол,әрі алдын-ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады.
Дөңгелек қал - бақытты тағдыр кепілі.
Сопақ, созылыңқы қал - сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса, одан да жаман. Енді қалдардың дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік:
Оң жақ шеке - даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой.
Сол жақ шеке - күтпеген қылық, дәрменсіздік.
Көздің қапталында - салмақты мінез, сенімділік және ұқыптылық, құнттылық.
Қастың оң жағы - бақыт, бәлкім ерте үйлену.
Сол жағы - қиыншылық, күрес.
Құлақтағы - қатыгездік.
Оң жақ беттің шеті - бақыт, әсіресе некелік өмірде.
Сол жақ беттің шеті - тауқымет, күйзеліс, тыпырлау.
Бет сүйекте - табыс, жол болу, махаббатқа жету.
Ауыз маңы - бақыт, сезімталдық.
Бұғақтағы - денсаулықтың кемтарлығы.
Мұрындағы - үлкен сәттілік,жыныстық мол қайрат.
Тамақтағы - некемен қоса келетін бақ, атаққұмарлық, мақсатқа жету.
Мойындағы - көптеген мақсаттың орындалуы, кейбір үміттің аяқталмауы,алғашқы кездердегі сәтсіздіктің, бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы.
Білектегі - мұратқа жеткізетін табиғи қабілет.
Оң қолдағы - сәттілік.
Сол қолдағы - қаржыдан қысылу.
Иықтағы қиын - қыстау, күрделі уақыттар.
Көкіректің сол жағы(еркектерде) - сәттілік пен бақыт.
Әйелдерде - қызу қандылық.
Арқада - адалдық, тазалық, мырзалық, сонымен қоса менмендік, өзімшілдік. Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса-сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап, жыламсырай беруге бейімдік.
Қабырғаның оң жағы - қорқақтық, ерігушілік, дарақылық, езбелік.
Сол жағы - дәл солай, тек өзіне ептеген сын көзбен қарау.
Белде - дені сау, күшті балалар болуы.
Санның оң жағы - қайырымды мінез, байлық, отбасындағы бақыт.
Сол жағында - жалғызіліктік, бәрінен айырылу, жарлылық.
Оң жақ тізе - бейқам, шалқағай неке, қаржыны ұстай алмау.
Сол жақ - беймазалық, тынышсыздық.
Аяқтағы - тасып-төгілетін күш-жігер, асқан еңбекқорлық.
Оң аяқтың табанында - сапар шегуге құштарлық.
Сол табанда - сезімталдық, сергектік.
Оң аяқ пен сол аяқта - жалқаулық
Дереккөз: el24kz