Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ мемхатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Қазақстан, Өзбекстан мен Үндістанға барады

АҚШ мемхатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Қазақстан, Өзбекстан мен Үндістанға барады

Фото:Сұлтан Досалиев
АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу 4–11 қараша аралығында Қазақстан, Өзбекстан мен Үндістанға сапар шегетін делегацияны басқарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап.

Орталық Азияға сапар биыл қыркүйекте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы кулуарындағы «C5+1» бірінші президенттік саммит пен биылғы қазандағы өңірлік байланыс бойынша «C5+1» министрлік кездесуін нәтижелі етуге бағытталған.

Астанаға келгеннен кейін АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстан Үкіметінің жоғары шенді шенеуніктерімен кездесіп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы диалогқа қатысады. Құрама Штаттар мен Қазақстан ортақ мүддеге қатысты, оның ішінде саясат пен қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық пен адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірқатар сұрақты талқылайды. Сондай-ақ ол әйелдер мен қыздардың мүмкіндігі мен құқығын кеңейту, сонымен қатар БАҚ еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қоғаммен кездесу өткізеді.

Содан кейін Дональд Лу Ташкентке барып, АҚШ пен Өзбекстан арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық туралы Диалог өткізетін АҚШ делегациясын басқарады. Сапар кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі қауіпсіздік саласындағы екіжақты байланысты және сауда мен инвестиция диверсификациясы мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ адам құқықтары мәселелері бойынша жұмыс істейтін азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Турнені аяқтау үшін америкалық делегация өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша стратегиялық үйлесімділікті, экологиялық таза энергетиканы және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылау үшін Үндістанға барады. «2+2» диалогі барысында АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу мемлекеттік хатшы Э.Блинкен мен қорғаныс министрі Л.Остиннің қорғаныс пен қауіпсіздік, жаңа технологиялар мен таза энергетика және ғарыш саласындағы серіктестік тақырыптарын дамыту бастамасын таныстырады.
06 қараша 2023 ж. 428 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930