Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда президент сайлауында дауыс беру басталды

Түркияда президент сайлауында дауыс беру басталды

Түркияда 14 мамыр, жексенбіде 28-ші шақырылымдағы парламент және президент сайлауы өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ.

Сайлау учаскелері таңғы 8:00-де ашылып, жергілікті уақыт бойынша 17:00-де жабылады.

Елде барлығы 191 885 дауыс беру жәшігі орнатылды. Түркияда және шетелде 64,1 миллионнан астам сайлаушы дауыс береді. 4,9 миллионға жуық адам бірінші рет дауыс беріп жатыр. Сайлаушылар жеке басын куәландыратын ресми құжаттардың бірімен дауыс бере алады.

Сайлаушыларға 2 бюллетень беріледі: президент пен депутаттар үшін. Сайлаушылар екі бөлек бюллетеньді бір конвертке салып, дауыс беру жәшігіне салуы тиіс.

Түркия ОСК ақпан айындағы жер сілкінісінен зардап шеккен 11 провинцияда дауыс беру үшін қажетті шаралар қабылдады. Бұл аймақтарда дауыс беру жәшіктері арнайы контейнерлер мен мектептерде орнатылған.

Шетелдік учаскелерде дауыс беруге 3,4 миллионнан астам адам қатысты. Олар үшін 73 елде және 156 шетелдік өкілдікте сайлау комиссиялары құрылды. Түркияның шетелдік өкілдіктерінде дауыс беру процесі 9 мамырда аяқталды.

Түркиядағы президент сайлауына үш кандидат қатысады - қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған, оппозициялық Халықтық-республикалық партияның жетекшісі Кемал Кылычдароглу және «Альянс АТА» блогының кандидаты Синан Оган.

Сайлауға қатысу үшін 24 саяси партия және 151 тәуелсіз кандидат тіркелген.

Егер үміткерлердің ешқайсысы бірінші турда абсолютті көпшілік дауысқа ие болмаса, 28 мамырда екінші тур өтеді.
14 мамыр 2023 ж. 230 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 30

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930