Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған

Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған

Канадада 1008 адам маймыл шешегін жұқтырған. Онтарио провинциясында 478, Квебекте 425, Британдық Колумбияда 85, Альбертте 16, Саскачеван мен Юконда екі адам инфекцияны жұқтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Канаданың Ұлттық микробиологиялық зертханасының мамандары вирус жұқтыру жағдайларының саны одан әрі өзгеруі мүмкін деп мәлімдеді. Себебі бірқатар өңір тұрғындарынан тестілеу бойынша әлі де маймыл шешегі вирусы анықталып жатыр.

Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі бірнеше провинция мен аумақтарға Imvamune вакцинасының 80 мыңнан астам дозасын ұсынды, сондай-ақ елдегі серіктес зертханаларға бақылау материалдары мен хаттамаларын ұсына отырып, орталықтандырылмаған тестілеуді қолдап отыр.
12 тамыз 2022 ж. 1 299 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31