Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ адамзатқа төніп тұрған қауіпті атады

БҰҰ адамзатқа төніп тұрған қауіпті атады

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, Жер шары халқының жартысына жуығы климаттың өзгеруіне байланысты қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Бұл туралы ол аустриялық әлемдік саммитке қатысушылар алдындағы үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда климаттық өзгерістер ықпал ететін қауіпті болдырмаудың мүмкіндігі азаюда. Біздің планетамыз 1,2 градусқа жылынды. Ал белгіленген шекті жылыну - 1,5 градус. Біз сол шектен асырмау үшін 2030 жылға қарай ауаға зиян келтіруші қалдықтардың көлемін 45%-ға дейін төмендетуіміз қажет. Ал осы ғасырдың ортасына дейін оны нөлдік деңгейге жеткізу керек", – деді ол.

БҰҰ Бас хатшысының мәліметінше, 2021 жылы энергетикалық саладағы CO2 зиянды қалдықтары 6%-ға өскен. Осы онжылдықтың қорытындысы бойынша ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемі 14%-ға артады.

"Көптеген елдің билігі уақытты созып жүргенде, әрекетсіздік ауыр зардаптарға әкелуде. Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде сезілуде. Адамзаттың жартысына жуығы қауіптің алдында тұр", - дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
15 маусым 2022 ж. 795 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031