Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 сәуір – дүниежүзінде Жер-Ана күні

22 сәуір – дүниежүзінде Жер-Ана күні

Жыл сайын 22 сәуірде дүниежүзі халқы Жер-Ана күнін атап өтеді. Мұндай күн 2010 жылдан бастап тойланады. Жер-Ана күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылы бекіткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
БҰҰ Бас Ассамблеясы қаулысында «Жер-Ана» терминінің көп елде жалпы қабылданғаны, бұл сөз планета, оның экожүйесі мен адамдар арасындағы қарым-қатынасына қатысты қолданылатыны жазылған.

Кейбір мәліметтерге сай, бұл халықаралық күн бұрын АҚШ-та аталып өткен ағаштар күні негізінде пайда болды.
Бұл жаһандық акцияның басты мақсаты – қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аудару және планетаны сақтау үшін адамзат алдында тұрған күрделі міндеттер туралы білу.

Жыл сайын бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар жаһандық экологиялық проблемаларды талқылау үшін дөңгелек үстел басына жиналады. Жиында мұхиттар мен теңіздердің пластик қалдықтармен ластануы, климаттың өзгеруі, табиғаттағы антропогендік өзгерістер, сонымен қатар биоәртүрлілікті бұзатын әрекеттер туралы сөз қозғалады. Өкінішке қарай, аталған әрекеттердің барлығы планетаның жойылуын тездетіп жібереді. Жер-Ана күні осындай экологиялық проблемаларға назар аудару үшін халықаралық деңгейде аталып өтеді.

Бірікккен үлттар ұйымы барлық мүше-мемлекеттерін, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды «Халықаралық Жер-Ана күнін» мерекелеуге шақырады.

Жер-Ана күнін қалай атап өтуге болады?
Халықаралық Жер-Ана күні біз өмір сүріп жатқан планета мен қоршаған ортаға тікелей байланысты мереке болғандықтан бұл күні қоршаған ортаға пайдалы кез келген іспен айналысуға болады. Мысалы:
Айналаны тазалау, сенбілік жасау;
Бір күн пластик ыдыстардан бас тарту, пластик бөтелкедегі суды сатып алмау, бірреттік стақанмен кофе ішпеу;
Үйдегі, кеңседегі электр құрылғыларын уақытша сөндіру, демалдыру, тоқтан суырып қою;
Ағаш егу, жасыл-желекті суғару, арамшөбін тазалау;
Құстарға жемсауыт дайындау;
Тұрмыс қалдықтарын жинап, сұрыптап, қайта өңдеуге өткізу;
Экологиялық проблемалар туралы деректі фильмдер көріп, ғылыми мақалалар оқу және тағы басқа.
22 сәуір 2022 ж. 778 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930