Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың ең ірі қаласында қатаң карантин енгізілді

Қытайдың ең ірі қаласында қатаң карантин енгізілді

Қытайдың ең ірі қаласы, қаржы орталығы Шанхайда COVID-19 жұқтырғандар санының өсуін тежеу мақсатында қатаң карантин енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"26 миллион адам тұратын мегаполистің шығысы дүйсенбіден жұмаға дейін жабылады, ал карантин батыс жағына 1 сәуірде енгізіледі", - деп хабарлады қаланың COVID-19 алдын алу және бақылау штабы.
Қатаң карантин режимі кезінде зардап шеккен аудандардың тұрғындары үйде болуы керек, сонымен бірге олар қажетті заттарды контактісіз жеткізу қызметтерін пайдаланып алдыра алады.
Тұрғындардың күнделікті қажеттіліктері мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардан бөлек, барлық мекеме онлайн форматқа өтеді. Қатаң карантин режимі бар аймақтарда көлік қызметтері, соның ішінде автобус қызметі, метро, паром, такси және автокөліктерді онлайн брондау қызметтері уақытша тоқтатылады.

Карантин омикрон штамының таралуын тоқтату, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайларын динамикалық түрде нөлге дейін төмендету мақсатында қабылданып жатқаны айтылды.
28 наурыз 2022 ж. 592 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930